Осы жазда Нұр-Сұлтан қаласы заманауи өнердің орталығына айналады

Осы жазда Нұр-Сұлтан қаласы заманауи өнердің орталығына айналады

Қалада Astana Art Show халықаралық заманауи өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін елордада қала әкімі Бақыт Сұлтанов халықаралық Astana Art Show заманауи өнер фестивалінің кураторы Дина Байтасовамен, сондай-ақ, 2 маусым мен 10 тамыз аралығында өтетін Racing the Galaxy халықаралық көрмесінің кураторы Жером Санспен кездесті.

Бақыт Сұлтанов заманауи суретшілер форумын өткізуге жан-жақты көмек көрсететінін айтты.

Көрме екі алаңда – Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайларында өтеді. Ол 15 елдің 40-қа жуық суретшілерінің басын қосады.

Көрмені Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен TSE Art Destination заманауи өнер галереясы бірлесіп ұйымдастырады. Қазіргі заманғы өнер фестивалі аясында «Бірінші байланыс» жастар көрмесі мен халықаралық Racing the Galaxy көрмесі өтеді.

«Бұл жоба екінші жыл жұмыс істеуде. Біздің басты мақсатымыз – қазіргі заманғы өнер көрсететін дарынды суретшілерді бір алаңда жинау. Astana art show-2019 барлық суретшілерге тән номадизм мен еркіндік рухын паш етеді», – деді Artios және TSE Art Destination негізін қалаушы Дина Байтасова.

«Бірінші байланыс» жастар көрмесінде (2 маусымда басталып, 10 тамызға дейін жалғасады) қазақстандық 22 жас суретшінің жұмыстары ұсынылады. Халықаралық Racing the Galaxy көрмесінде танымал қазақстандық және шетелдік суретшілердің жұмыстарын көруге болады. Racing the Galaxy көрмесі 4 шілдеде ашылып, 10 тамызға дейін жұмыс істейді.

Көрме аяқталғаннан кейін жұмыстардың басым бөлігі мұражайларға берілсе, ал арт-инсталляциялар мен мүсіндер қала көшелерінде орналастырылатын болады.

About author

Сізге ұнап қалар

Жаңалықтар 0 Comments

«Саябақтың 7 ғажайыбы» балалар ойын-сауық бағдарламасы

20 мамырда елордалық саябақтарда балалар ойын-сауық бағдарламасы бастау алды. «Саябақтың 7 ғажайыбы» үш жылдан бері кішкентай елорда тұрғындары мен қонақтарына қуаныш сыйлап келеді. Балалардың сүйікті кейіпкерлерінің кейпіндегі аниматорлардың қатысуымен өткізілетін

Жаңалықтар 0 Comments

«Абай» операсы

22 маусым күні – ұлттық классика жауһары – А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы дирижер Алан Бөрібаев пен режиссер Джанкарло дель Монаконың жаңа қойылымында көрерменге жол тартпақ. Қойылымның музыкалық жетекшісі –

Жаңалықтар 0 Comments

Премьера! «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры МКҚК Қазақстанда алғаш рет Бейбітшілік және Келісім сарайында жастар жылы және қала күні мерекесі аясында «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклінің премьерасы өтеді. Бұл қойылым Азиядағы