Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері елордада концерт өткізеді

Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері елордада концерт өткізеді

7 маусымда сағат 18.00-де елордалық «Жетісу» саябағында Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өтеді. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары 16 этномәдени бірлестіктің артистерінің өнерін тамашалайды. Шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

5 мамыр – 2 маусым аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қалалық саябақтарда Жастар жылына орайластырылған концерттер өткізілді. Алдағы гала-концертте артистердің үздік номерлері көпшілік назарына ұсынылады. Шараға «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы, «Радуга» орыс әндері ансамблі, «Вайнах» шешен-ингуш ұжымы, «Возрождение» неміс қоғамы, «Оберег» украин қоғамы, «Колхети»грузинқоғамдық-мәдени орталығы, «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестігі, «Радима» беларусь этномәдени орталығы, «Алеф» еврей қоғамы, Дала аймағы казактар одағының өкілдері, сондай-ақ, поляк, өзбек, қырғыз, ұйғыр, корей және башқұрт этномәдени бірлестіктері атсалысады.

Айта кетейік, шара халықтардың ана тіліндегі шығармашылығын дәріптеуге, елімізде тұрып жатқан этностардың салт-дәстүрлеріне құрмет көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің ұжымдарында жас таланттарды анықтауға бағытталған.

About author

Сізге ұнап қалар

Жаңалықтар 0 Comments

Eurasian Dance Festival: шегі жоқ өнер

Биыл жазда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Eurasian Dance Festival» халықаралық балет фестивалінде әлемдік классика жауһарлары, халық шығармашылығы мен қазіргі заманның белді хореографтары қойған соңғы премьералар көрермен назарына

Жаңалықтар 0 Comments

«Саябақтың 7 ғажайыбы» балалар ойын-сауық бағдарламасы

20 мамырда елордалық саябақтарда балалар ойын-сауық бағдарламасы бастау алды. «Саябақтың 7 ғажайыбы» үш жылдан бері кішкентай елорда тұрғындары мен қонақтарына қуаныш сыйлап келеді. Балалардың сүйікті кейіпкерлерінің кейпіндегі аниматорлардың қатысуымен өткізілетін

Жаңалықтар 0 Comments

Нұр-Сұлтанда «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында 8 маусым күні «Барыс Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Бәсекеге еліміздің