Премьера! «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклі

Премьера! «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры МКҚК Қазақстанда алғаш рет Бейбітшілік және Келісім сарайында жастар жылы және қала күні мерекесі аясында «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклінің премьерасы өтеді.

Бұл қойылым Азиядағы тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері Шыңғысханның (Темүжін) өмірі мен ерен еңбегіне арналады. Қойылымда аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, Шыңғысханның бала кезінен бастап, ер жетіп, ел билеген кезеңдері қамтылады. Өзінің әскери талантының арқасында кең-байтақ терриорияны басып алып, жарты әлемге билік жүргізгені хореография тілінде көркем бейнеленеді. Қойылым кәсіби мамандардың орындауда арнайы жазылған музыкамен, көркем декорациямен, сол дәуірдің ғажайып костюмдерімен көрерменді баурап алары сөзсіз.

Өзінің қайсарлығының арқасында әкесінің, жарының кегін қайтарып, ұлан-байтақ жерге ие болып үстемдік құруы, замандастарының оны хан көтеруі бұл қойылымда асқан шеберлікпен саханаланады.

Костюмдер, реквизиттер мен әшекейлер Моңғолияның дизайнерімен, тарихи өнімдердің мамандары Batbileg Lkhagvasuren бірге әзірленген. Спектакль Монғолияның кәсіби хореографы Тугсу Тумурхуягпен бірге өткізілді.

Қоюшы хореограф:Қадиша Ағымбаева – ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Хореограф:Тугсуу Тумурхуяг (Моңғолия)

Сценограф: Қанат Мақсұтов – Қазақстанның мәдениет қайраткері

Композитор: Б.Шарав

Театрдың көркемдік жетекшісі:Қадиша Ағымбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бас балетмейстері

Өтетін күні: 26 маусым 2019 жыл

Уақыты: 19.00

Өтетін жері: Бейбітшілік және Келісім сарайы

Мекен-жайы: Тәуелсіздік даңғылы, 57

Байланыс телефондары: 30-02-87, 30-03-09

About author

Сізге ұнап қалар

Жаңалықтар 0 Comments

Astana Art Show үздік әлемдік суретшілердің еңбектерін ұсынады

Биыл жазда Қазақстан теңдессіз қазіргі заманғы өнер орталығына айналады. 2 маусым мен 10 тамыз аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында, сондай-ақ Тәуелсіздік сарайында ASTANA ART SHOW-2019 көрмесі өтеді. Шарада әлемнің 15

Жаңалықтар 0 Comments

Астаналық саябақта өткен алғашқы жаппай жаттығуға жүздеген адам қатысты

Нұр-Сұлтан қаласында жексенбі күндері ашық аспан астында жаттығу жасау маусымы бастау алды. Fitness Park Nur-Sultan алғашқы жаттығуы өткен демалыста орталық саябақта өтті. Кәсіпқой мамандар жетекшілік еткен жаппай жаттығуға елорда тұрғындары

Негізгі 0 Comments

Осы жазда Нұр-Сұлтан қаласы заманауи өнердің орталығына айналады

Қалада Astana Art Show халықаралық заманауи өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бүгін елордада қала әкімі Бақыт Сұлтанов халықаралық Astana Art Show заманауи өнер фестивалінің кураторы Дина