Осы жазда Нұр-Сұлтан қаласы заманауи өнердің орталығына айналады

Осы жазда Нұр-Сұлтан қаласы заманауи өнердің орталығына айналады

Қалада Astana Art Show халықаралық заманауи өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін елордада қала әкімі Бақыт Сұлтанов халықаралық Astana Art Show заманауи өнер фестивалінің кураторы Дина Байтасовамен, сондай-ақ, 2 маусым мен 10 тамыз аралығында өтетін Racing the Galaxy халықаралық көрмесінің кураторы Жером Санспен кездесті.

Бақыт Сұлтанов заманауи суретшілер форумын өткізуге жан-жақты көмек көрсететінін айтты.

Көрме екі алаңда – Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайларында өтеді. Ол 15 елдің 40-қа жуық суретшілерінің басын қосады.

Көрмені Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен TSE Art Destination заманауи өнер галереясы бірлесіп ұйымдастырады. Қазіргі заманғы өнер фестивалі аясында «Бірінші байланыс» жастар көрмесі мен халықаралық Racing the Galaxy көрмесі өтеді.

«Бұл жоба екінші жыл жұмыс істеуде. Біздің басты мақсатымыз – қазіргі заманғы өнер көрсететін дарынды суретшілерді бір алаңда жинау. Astana art show-2019 барлық суретшілерге тән номадизм мен еркіндік рухын паш етеді», – деді Artios және TSE Art Destination негізін қалаушы Дина Байтасова.

«Бірінші байланыс» жастар көрмесінде (2 маусымда басталып, 10 тамызға дейін жалғасады) қазақстандық 22 жас суретшінің жұмыстары ұсынылады. Халықаралық Racing the Galaxy көрмесінде танымал қазақстандық және шетелдік суретшілердің жұмыстарын көруге болады. Racing the Galaxy көрмесі 4 шілдеде ашылып, 10 тамызға дейін жұмыс істейді.

Көрме аяқталғаннан кейін жұмыстардың басым бөлігі мұражайларға берілсе, ал арт-инсталляциялар мен мүсіндер қала көшелерінде орналастырылатын болады.

About author

Сізге ұнап қалар

Жаңалықтар 0 Comments

Astana Art Show үздік әлемдік суретшілердің еңбектерін ұсынады

Биыл жазда Қазақстан теңдессіз қазіргі заманғы өнер орталығына айналады. 2 маусым мен 10 тамыз аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында, сондай-ақ Тәуелсіздік сарайында ASTANA ART SHOW-2019 көрмесі өтеді. Шарада әлемнің 15

Жаңалықтар 0 Comments

Елордада JIU-JITSU GRAND PRIX ауқымды халықаралық турнир өтеді

Елорда төрінде джиу-джитсудан xалықаралық NUR-SULTAN JIU-JITSU GRAND PRIX турнирі 19 маусымда бастау алады. Халықаралық турнирге Еуропа және Азия мемлекеттерінен келетін спортышлар Джиу-Джитсудың 4 бағыты: Ne-waza, Fighting, DUO және Contact бөлімдері

Жаңалықтар 0 Comments

Севильдік шаштараз

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дирижер – Руслан Баймурзин Қоюшы режиссер – Альфонсо Антониоцци Сценография авторы – Эцио Фриджерио, Риккардо Масирони қатысуымен Костюмдер бойынша суретші –