Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері елордада концерт өткізеді

Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері елордада концерт өткізеді

7 маусымда сағат 18.00-де елордалық «Жетісу» саябағында Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өтеді. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары 16 этномәдени бірлестіктің артистерінің өнерін тамашалайды. Шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

5 мамыр – 2 маусым аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қалалық саябақтарда Жастар жылына орайластырылған концерттер өткізілді. Алдағы гала-концертте артистердің үздік номерлері көпшілік назарына ұсынылады. Шараға «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы, «Радуга» орыс әндері ансамблі, «Вайнах» шешен-ингуш ұжымы, «Возрождение» неміс қоғамы, «Оберег» украин қоғамы, «Колхети»грузинқоғамдық-мәдени орталығы, «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестігі, «Радима» беларусь этномәдени орталығы, «Алеф» еврей қоғамы, Дала аймағы казактар одағының өкілдері, сондай-ақ, поляк, өзбек, қырғыз, ұйғыр, корей және башқұрт этномәдени бірлестіктері атсалысады.

Айта кетейік, шара халықтардың ана тіліндегі шығармашылығын дәріптеуге, елімізде тұрып жатқан этностардың салт-дәстүрлеріне құрмет көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің ұжымдарында жас таланттарды анықтауға бағытталған.

About author

Сізге ұнап қалар

Жаңалықтар 0 Comments

7 шілдеде елордада Ұлттық Домбыра күні тойланады

7 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Осыған орай «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаң былтырғыдай үлкен сахнаға айналады. Шараға жас ерекшелігіне қарамастан ниет білдіргендердің барлығы қатыса

Жаңалықтар 0 Comments

Премьера! «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры МКҚК Қазақстанда алғаш рет Бейбітшілік және Келісім сарайында жастар жылы және қала күні мерекесі аясында «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклінің премьерасы өтеді. Бұл қойылым Азиядағы

Жаңалықтар 0 Comments

Қазақстан Елордасы Дүниежүзілік тоқу күнін мерекелеуге қатысады

16 маусымда елордалық Орталық саябақта Халықаралық тоқу күніне орайластырылған фестиваль өтеді. Нұр-Сұлтан қаласы 2005 жылы Парижде бастау алған шараға екінші рет атсалыспақ. Бүгінде аталмыш шара әлемнің көптеген мемлекеттерінде жыл сайын