Премьера! «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклі

Премьера! «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекетік би театры МКҚК Қазақстанда алғаш рет Бейбітшілік және Келісім сарайында жастар жылы және қала күні мерекесі аясында «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклінің премьерасы өтеді.

Бұл қойылым Азиядағы тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері Шыңғысханның (Темүжін) өмірі мен ерен еңбегіне арналады. Қойылымда аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, Шыңғысханның бала кезінен бастап, ер жетіп, ел билеген кезеңдері қамтылады. Өзінің әскери талантының арқасында кең-байтақ терриорияны басып алып, жарты әлемге билік жүргізгені хореография тілінде көркем бейнеленеді. Қойылым кәсіби мамандардың орындауда арнайы жазылған музыкамен, көркем декорациямен, сол дәуірдің ғажайып костюмдерімен көрерменді баурап алары сөзсіз.

Өзінің қайсарлығының арқасында әкесінің, жарының кегін қайтарып, ұлан-байтақ жерге ие болып үстемдік құруы, замандастарының оны хан көтеруі бұл қойылымда асқан шеберлікпен саханаланады.

Костюмдер, реквизиттер мен әшекейлер Моңғолияның дизайнерімен, тарихи өнімдердің мамандары Batbileg Lkhagvasuren бірге әзірленген. Спектакль Монғолияның кәсіби хореографы Тугсу Тумурхуягпен бірге өткізілді.

Қоюшы хореограф:Қадиша Ағымбаева – ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Хореограф:Тугсуу Тумурхуяг (Моңғолия)

Сценограф: Қанат Мақсұтов – Қазақстанның мәдениет қайраткері

Композитор: Б.Шарав

Театрдың көркемдік жетекшісі:Қадиша Ағымбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бас балетмейстері

Өтетін күні: 26 маусым 2019 жыл

Уақыты: 19.00

Өтетін жері: Бейбітшілік және Келісім сарайы

Мекен-жайы: Тәуелсіздік даңғылы, 57

Байланыс телефондары: 30-02-87, 30-03-09

About author

Сізге ұнап қалар

Негізгі 0 Comments

Елордада JIU-JITSU GRAND PRIX ауқымды халықаралық турнир өтеді

Елорда төрінде джиу-джитсудан xалықаралық NUR-SULTAN JIU-JITSU GRAND PRIX турнирі 19 маусымда бастау алады. Халықаралық турнирге Еуропа және Азия мемлекеттерінен келетін спортышлар Джиу-Джитсудың 4 бағыты: Ne-waza, Fighting, DUO және Contact бөлімдері

Жаңалықтар 0 Comments

Севильдік шаштараз

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дирижер – Руслан Баймурзин Қоюшы режиссер – Альфонсо Антониоцци Сценография авторы – Эцио Фриджерио, Риккардо Масирони қатысуымен Костюмдер бойынша суретші –

Жаңалықтар 0 Comments

Нұр-Сұлтанда «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында 8 маусым күні «Барыс Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Бәсекеге еліміздің